Friday 8th of May 2026 06:08:32 PM

6-8 қыркүйекте Қазақстанға Албания президенті ресми сапармен келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.