Thursday 13th of November 2025 02:18:05 AM

Семейде алаяқ қала тұрғынының 4,5 миллион теңгесін иемденіп алған

Әйел адам пәтерлік алаяқтардың құрбаны болды.

Семей қаласының тұрғыны полицияға алаяқтық дерегі бойынша шағымданды. Оның айтуынша , 2024 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында танысы пәтерді арзан бағамен алып беремін деп сеніміне кіріп, алдау жолымен 4,5 миллион теңгесін иемденген.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындағанымен, жәбірленушінің ақшасы қайтарылмады", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қолхатпен бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сурет: жасанды интеллект көмегімен жасалды